11 ақпан 2015 11:04

Ақордада Назарбаевтың қатысуымен Үкімет отырысы өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі бұған дейін отырыс барысында отандық экономиканың қазіргі ахуалы мен оны әрі қарай дамыту шаралары талқыланады деп жоспарланып отырғанын хабарлаған еді. Сондай-ақ "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері қаралатыны айтылды.

Бұл отырыс туралы ең алғаш болып ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков айтқан еді, ол отырыста экономика саясатының бағыт-бағдары мен басымдықтары талқыланатынын хабарлады.

Президенттің өзі Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін 15 қаңтарда-ақ айтқан болатын. Ол Үкіметке отырысқа дейін барлық жағдайға арналған нақты жоспар дайындап қоюды тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев қаражатты тиімді жұмсамау оқиғаларының байқалып отырғанын, мұны болдырмау қажеттігін айтты. Ол "атаулы әлеуметтік көмек, көпбалалылар мен тұрмысы төмендерге арналған жәрдемақы бақуатты адамдарға берілмеуі керек", - деді. 

Сол кезде Мемлекет басшысы бюджеттің күрт қысқаруы себепті Үкіметке оның бірқатар өлшемдерін қайта қарауға тура келетінін айтты. "Біз бюджетке бір рет өзгеріс енгіздік, қажет болған жағдайда мұны тағы жасау керек. Барлық нәрседе үнемдеуге кіріскенімізді халыққа нақты түсіндіру керек. Тәуелсіздік жылдарында біз 700-ден астам мектеп және сонша аурухана салдық. Қазір жүріп жатқан құрылысты аяқтап, бірқатар инвестициялық құрылыс жобаларына қоса жаңа нысандарды тоқтату керек. Бұл жұмыстар дағдарыс аяқталған соң жалғастырылатын болады", – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы халықаралық экономикадағы қазіргі жағымсыз құбылыстар 2007-2009 жылдардағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың салдары екеніне тоқталды. "Дағдарыстың көрінісі еліміздің экспорттық тауарларының, әсіресе соңғы жарты жылда құны барреліне 50 доллардан түсіп кеткен мұнай бағасының төмендеуінен байқалды. Ел бюджетіне қаражат түсімін қамтамасыз етіп отырған түсті және қара металлургия өнімдерінің де бағасы төмендеді. Сонымен қатар, Украинадағы ахуал және соған байланысты Ресейге қатысты санкциялар, ресейлік рубльдің қазіргі жағдайы ықпал етіп отыр. Сондықтан біз ахуалды бақылап отыруға және тиісті шаралар қабылдауға тиіспіз", – деді Қазақстан Президенті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети