20 ақпан 2017 10:35

Ақорданың баспасөз қызметі 2007 жылғы конституциялық реформаға қатысты фотосуреттерді жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорданың баспасөз қызметі © Ақорданың баспасөз қызметі

Ақорданың баспасөз қызметі 2007 жылғы конституциялық реформаға қатысты фотосуреттерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақорданың баспасөз қызметі 2007 жылғы конституциялық реформаға қатысты фотосуреттерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыдан 10 жыл бұрын елімізде тура қазіргідей конституциялық-құқықтық реформа қызу талқыланған болатын.

"2007 жылғы 20 ақпанда "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Заңның өзі 2007 жылғы 21 мамырда қабылданды. Тиісті конституциялық өзгерістерге дайындық алдында Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия ауқымды жұмыс жүргізген еді. Оның қорытынды отырысы 2007 жылғы 19 ақпанда өткен болатын", - делінген жарияланымда.

Сондай-ақ, 2007 жылы Ата заңымызға елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені айтылады. "Негізінен Конституцияның Президент пен Парламентке қатысты бөлімдері өзгеріске ұшырады. Мәселен, Мәжілісті жасақтаудың жаңа тетігі ұсынылды, Қазақстан халқы ассамблеясының конституциялық мәртебесі бекітілді және т.б. Мұрағаттағы осы тарихи оқиғаларды жаңғыртатын фотосуреттерді фейсбук пайдаланушылары назарына ұсынып отырмыз", - дейді баспасөз қызметіндегілер. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети