16 ақпан 2015 18:10

АҚШ-та қаза тапқан қазақстандықтың туыстары оның сүйегін ала алмай жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тим Бекшентаев. ©vk.com Тим Бекшентаев. ©vk.com

АҚШ-та қаза тапқан қазақстандық жасөспірім Тим Бекшентаевтың денесін туыстары екі аптадан бері ала алмай жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


АҚШ-та қаза тапқан қазақстандық жасөспірім Тим Бекшентаевтың денесін туыстары екі аптадан бері ала алмай жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Марқұмның ағасы Рафаэль Бекшентаевтың айтуынша, бар мәселе жерлеу агенттігіне тіреліп тұр. "Жерлеу агенттігі өкілінің әрекеті бізге түсініксіз болып тұр. Мен АҚШ-та болғанда сүйекті бір апта ішінде Өскеменге жеткізуге келістік. Ал қазір інімнің қазасынан екі апта өтті, біз денені әлі ала алмай отырмыз. Сақтандыру компаниясы барлық шығынды өтеуге дайын, бірақ жерлеу агенттігінің өкілі тіпті, билеттерді сатып алмай отыр. Оның себебін біз білмейміз", - деді ол. 

Еске сала кетейік, 10-сынып оқушысы Тим Бекшентаев 4 ақпан күні АҚШ-та жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан еді. Төтенше оқиға туралы 5 ақпан күні мәлім болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Бекшентаев отырған машина көшеде бірнеше рет аударылып барып, ағашқа соғылған. Жол-көлік оқиғасы бір топ жасөспірім хоккей жаттығуынан келе жатқан кешкі мезгілде болды. Көліктің рулінде Бекшентаевтың досы отырған. Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда Тим Бекшентаевтың құрметіне спорттың экстремал түрлеріне арналған орталық салу жоспарланып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети