25 маусым 2015 11:42

АҚШ-та сотталған Тажаяқов пен Қадырбаевты елге әкелу үшін олардың келісімі қажет - Бас прокуратура

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаев. © facebook.com Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаев. © facebook.com

АҚШ-та сотталған Тажаяқов пен Қадырбаев Қазақстанға экстрадициялауға келісім берулері тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Америкада сотталған қазақстандық студенттерді экстрадициялау мәселесіне қатысты Бас прокурордың орынбасары түсінік берді.


АҚШ-та сотталған Тажаяқов пен Қадырбаев Қазақстанға экстрадициялауға келісім берулері тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Америкада сотталған қазақстандық студенттерді экстрадициялау мәселесіне қатысты Бас прокурордың орынбасары түсінік берді.

"Мен баяндамамда Сотталғандарды беру туралы америкааралық конвенция туралы айтып өттім. Егер үлгерсек, осы конвенцияның шеңберінде, оны осы сессияда бекітеміз деп үміттенемін, ол сотталған азаматтардың жазасын біздің елде өтеуіне құқықтық негіз бола алады", - деп жауап берді Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель депутаттарға, сонымен қатар, ол бүгін мақұлданған "Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасының сотталған адамдарды беру туралы құқықты қарастырмайтынын атап өтті.

"Бірақ менің айта кетуім керек, оларды елге алып келу үшін олардың келісімі керек. Олардың келісімінсіз процесс басталмайды. Сонымен қатар, АҚШ-тың келісімі қажет. Олай болмаған жағдайда, яғни осы екі шарт орындалмаса, олар қай елде сотталса сол жақта жазаларын өтейтін болады", - деді Иоган Меркель. 

Айта кетейік, бүгін Сенат "Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады. Бұл келісімшарт Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара құқықтық көмек көрсету мақсатына бағытталған. Бұл құжатқа сәйкес, тараптар бір-біріне тергеуге байланысты, қылмыстық қудалауға және қылмыстық құқық бұзушылықты ескеруге байланысты, сонымен қатар, қылмыстық істерге қатысты тексеруге байланысты өзара көмек көрсетеді.

Еске сала кетейік, АҚШ-та Қазақстанның екі азаматы, студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқов жазаларын өтеп жатыр. Оларға 2013 жылы мамыр айында Бостанда болған жарылысқа қатысты істі тергеуге қасақана кедергі келтірді деген айып тағылған болатын.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети