12 ақпан 2014 10:04

Ақтабан шұбырынды заманындағы сауыт табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz Фото Tengrinews.kz

Археологтар Оңтүстік Қазақстан облысы аумағынан Ақтабан шұбырынды заманына тиесілі кеудеге киетін сауыттарды тапты. Көне жәдігерлер елді-мекеннен 250 шақырым қашықтықтағы шөл даладан табылып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сауыттар ХVIII ғасырда, шамамен 1710-1730 жылдары жасалғанын Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Александр Подушкин болжауда. Бұл жылдары қазақтардың жоңғарлармен арада болған соғыстың салдарынан туған жерлерін тастап, жер кезіп кеткен еді. "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Ел басына күн туған аса қайғылы кезең орнаған болатын. "Көптеген ғалымдар бұл кезеңді көшпелі бір ұлттың екінші ұлтқа қарсы жасаған геноциді деп те түсіндіріп жүр. Жергілікті ұлт өкілдері сырттан келген басқыншылардан алшақтау мақсатында Сырдарияны кешіп өтіп, сауыт табылған Қызылқұм шөліне барып, тұрақтаған болуы керек", - дейді Александр Николаевич. Қазіргі таңда табылған көне заттарға байланысты түрлі тарихи болжамдар айтылып, зерттеу жұмыстары жүргізілуде. "Сауыттардың қазақ батырларына тиесілі екені анық. Себебі, мұндай шөлейтті алқаптарда жергілікті тұрғындар ғана тіршілік етуі мүмкін", - деп топшылайды ғалымдар. Қызылқұмда жылдар бойы қой бағумен айналысқан бақташылар мұндай қару-жарақтар мен сауыт-дулығаларды шөл даланың әр бұрышынан кездестіруге болатынын айтуда. Осыны естіген архологтар алдағы көктем айларында Қызылқұмға экспедицияға шықпаққа бел буып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети