18 ақпан 2014 09:55

"Ақтау аруы -2014" байқауының жеңімпазы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Актау аруы - 2014" - ГауҺар Досымқожиева. Фотосурет "lada.kz" сайтынан алынды "Актау аруы - 2014" - ГауҺар Досымқожиева. Фотосурет "lada.kz" сайтынан алынды

Өткен жексенбіде Ақтауда өткен "Ақтау аруы - 2014" байқауының жеңімпазы болып қаладағы № 23-ші орта мектептің оқушысы Гауһар Досымқожиева танылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Лада" сайтына сілтеме жасап. Байқауға дайындық жұмыстары жарты жыл бойы жүргізілген. Финалға 14 пен 25 жас аралығындағы 12 қыз қатысты. "Бұл күн мен үшін өте сәтті күндердің бірі болды. Қазылар алқасы жеңімпаз ретінде мені таңдағаны үшін айтар алғысым шексіз. Шынын айтсам, мен соңғы сәтке дейін бұл сайыста кімнің бағы жанып, үздіктердің үздігі болып шығатынынан бейхабар едім", - деді қас сұлу. "Біз бұл байқауға өте ұзақ дайындалдық. Жеңіске жетуіме айналамдағы жақындарымды айтпағанда, өзімнің табандылық танытуым себеп болса керек. Байқауға қатысқанға дейін мен өз-өзіме сенімсіздікпен қарайтынмын. Бүгінде оның бәрі артта қалып, әр қадамымды нық басатындай халге жеттім. Соның арқасында финалда жеңіс тұғырынан көріндім", - деп сөзін жалғастырды Гауһар. Бұл сайыста Бас тәжден бөлек, үміткерлер "Кербез ару" (Камила Аңгарбаева), "Тамсандырған ару" (Полина Обухович), "Жыл келбеті" (Малика Нұрлыбаева) мен "Жыл модельі" (Алина Ляшенко) аталымында үздік шыққан сұлулардың да есімдері аталды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети