17 қазан 2016 10:55

Ақтау гарнизонының 100 әскери қызметшісі жаңа қызметтік пәтердің кілтіне ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

2016 жылғы 13 қазанда ҚР Қорғаныс министрі "Батыс" өңірлік қолбасшылығы Ақтау гарнизонының бөлімдеріне жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


2016 жылғы 13 қазанда ҚР Қорғаныс министрі "Батыс" өңірлік қолбасшылығы Ақтау гарнизонының бөлімдеріне жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Батыс өңіріне жұмыс сапары барысында Министр ағымдағы жағдай мен 2016 оқу жылы бойынша қорытынды тексерістің өткізілу барысы туралы Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы мен "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының баяндамасын тыңдады. Ақтауда қорғаныс ведомствосының басшысы инфрақұрылым нысандарының, ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің корабльдері мен кемелерінің орналасуына арналған салынып жатқан пирстің құрылыс барысын тексерді.

Ақтау гарнизонының 100 әскери қызметшісі жаңа қызметтік пәтердің кілтіне ие болды. "Баспанамен қамтамасыз ету Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы тарапынан бізге, яғни, Отан қорғаушыларға деген қамқорлығының жарқын көрінісі болып табылады. Бүгінгі күн баспана, әскери гарнизондардың әлеуметтік инфрақұрылымы объектілерінің салыну мәселелері жоспарлы түрде шешіліп жатқандығының тағы бір дәлелі іспетті", - деп министр атап өтті.


© Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, жұмыс сапары шеңберінде Қорғаныс министрі Ұлттық әскери-патриоттық орталығының филиалын ашу және Ақтау гарнизонында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған әскери госпиталь тұрғызу туралы бірқатар шешім қабылдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети