10 ақпан 2014 14:11

Ақтау мектептерінде порносайттарға шектеу жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау прокуроры Талғат Әлібаев. ©Lada.kz Ақтау прокуроры Талғат Әлібаев. ©Lada.kz

Ақтаудағы кейбір мектептерде порнографиялық және экстремистік мазмұндағы сайттарға еркін кіруге болады деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Прокурорлардың бір жыл ішіндегі тексерісі нәтижесінде кейбір мектептерде интернет сүзгісі жоқ екені анықталды. Білім беру бағдарламасынан тыс сайттарға, соның ішінде, экстремистік және порнографиялық сайттарға шектеу қойылмаған. "Бұл мектептерде орташа есеппен 850-900 бала оқитынын, ал информатика пәнін оқытушылар біреуден үш адамға дейін екенін ескерсек, оқушылардың қандай сайттарды қарайтынын, нені оқып отыратынын бақылау мүмкін емес", - дейді қала прокуроры Талғат Әлібаев. Ақтаудағы көп мектептен тағы бір заңсыздық анықталды. Мектептерде люминесцент шамдардың жаппай жиналып, сақталатын болып шықты. Тексеріс кезінде барлығы 10 мыңға жуық шам табылған. "Энергия үнемдейтін шамдардың адам ағзасының жоғары деңгейде улануына себеп болатын сынап пен фосфордан тұратыны белгілі. Сондықтан оларды қоқысқа тастауға немесе жиып қоюға болмайды. Оларды залалсыздандыру мен жоюдың ерекше тәртібі болуы керек. Сынаптың буы қоршаған ортаға жойып жіберерліктей әсер етеді, соның салдарынан өңірдің экологиялық ахуалы нашарлауы мүмкін", - дейді Талғат Әлібаев. Ақтау мектептерін прокурорлар 15 рет тексерген, соның нәтижесінде 29 қадағалау актісі қаралып, 54 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети