20 мамыр 2016 16:41

Ақтау шенеуніктерінің жылдық табысы жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау қаласы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желідегі ресми парақшасынан алынды. Ақтау қаласы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желідегі ресми парақшасынан алынды.

Ақтау қаласы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желідегі ресми парақшасында қаладағы шенеуніктердің табыстары туралы мәлімет жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтау қаласы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желідегі ресми парақшасында қаладағы шенеуніктердің табыстары туралы мәлімет жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өзіңнен баста" акциясының аясында жарияланған мәліметтерге сүйенсек, Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Берік Ізғалиев 2015 жылы 3 088 331 теңге табыс тапқан. Сонымен қатар, оның меншігінде 2012 жылғы LADA Priora маркалы автокөлік, "КазТрансОйлдың" 130 дана жай акциясы және Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 1 035 000 теңге жинағы бар екені айтылады.


Берік Ізғалиев

Ал Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімі басшысы Бисенғали Кенжалиевтің 2015 жылы жылдық табысы 3 121 738 теңге болған, оның меншігінде 2007 жылғы Lexus GS-350 маркалы автокөлік бар.


Бисенғали Кенжалиев

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Тілек Көшмағанбетов болса былтыр 1 990 599 теңге табыс тауыпты. Шенеуніктің меншігінде 4 бөлмелі пәтер және 1998 жылғы Honda маркалы автокөлік бар екен.


Тілек Көшмағанбетов

Әкімнің тағы бір орынбасары Нұрлыбай Аққұлов болса екі есе табыс тауыпты. Оның былтырғы табысы 3 216 206 теңгені құраған. Оның пәтері мен Toyota Pradо маркалы автокөлігі бар екен.


Нұрлыбай Аққұлов

Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаевтың жылдық табысы - 2 064 881 теңге, оның меншігінде ештеңе жоқ.


Қайрат Ақыбаев

Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жетібай Құбашев 2015 жылы 2 949 780 теңге табыс тапқан. Меншігінде 2007 жылғы Nissan көлігі бар.


Жетібай Құбашев

Сонымен қатар, Ақтау қаласы әкімінің аппарат басшысы Ерғожа Туретаевтың жылдық табысы 2 348 346 теңге екені хабарланды. Меншігінде ештеңе жоқ.


Ерғожа Туретаев

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети