16 сәуір 2019 16:11

Ақтау тұрғындары жағалауда жыландардың қаптауына байланысты алаңдаушылық білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Ақтау қаласының жағалауында үймелеген жыландарды байқаған тұрғындар алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Lada.kz. Бауырымен жорғалаушыларды зерттеуші мамандар қала тұрғындарына бұл жыландардан еш қауіп жоғын айтады. 


Ақтау қаласының жағалауында үймелеген жыландарды байқаған тұрғындар алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Lada.kz. Бауырымен жорғалаушыларды зерттеуші мамандар қала тұрғындарына бұл жыландардан еш қауіп жоғын айтады. 

Былтыр Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің өкілі Людмила Быкова Бұл жыландардан еш қауіп жоғын айтқан еді. Өйткені бұл бауырымен жорғалаушылар - су сарыбас жыланы екен. Жыланның бұл түрі адам денсаулығына еш қауіп төндірмейді.

"Дронт" экоорталығы жанындағы амфибиялар мен рептилияларды қорғау қоғамының координаторы Марк Пестов улы жыланды улы емес жыланнан қалай ажырату және онымен кездеске уақытта адам өзін қалай ұстау керектігі туралы айтып берді. 

Ең улы жыландардың, әдетте, басы үшбұрыш болады. Сондай-ақ улы жыланды көзінің қарашығынан ажыратуға болады. Улы жыландардың қабағы тік саңылауы болады, ал улы емес жыландарда ол домалақ болып келеді. Бір метрден асатын жылан - көрінеу улы емес болуы керек. Сіз суда немесе Каспий теңізінің жағасында кездестірген жылан қауіпті емес.

Алдыңыздан жылан шықса, не істеу керек?

"Кез келген белгісіз жыланды қауіпті деп санау керек. Жыландар өздігінен бірінші болып шабуылдамайды, оған әрине тиіспесе. Есіңізде болсын, жыланның сізді шағу мақсаты жоқ. Жыланды көрген уақытта, оған жақындауды, теуіп немесе қолыңызға алудың еш қажеті жоқ. Тәуекелге бармай, оның өз жолымен кетуіне мүмкіндік берген дұрыс", - дейді биолог.

Марк Пестов егер сіз жылан шаққан жағдайда одан адам өліп кетпейтінін ескеріп, байбалам салмау керектігін айтады.

- Алғашқы 5-10 секундта жылан шаққан жердің уланған қанды күшпен сорып тастау қажет. Осылайша, қанға түскен токсиннің көп бөлігін алып тастауға болады. Кейін аллергияға қарсы, гистаминге қарсы препараттарды қабылдап, көп су ішу қажет. Жылан шаққан жерді тартып байлап тастауға болмайды, - деді Марк Пестов.

Айта кетейік, Маңғыстауда жыланның сегіз түрі мекендейді, олар: су сарыбас жылан, жебе-жылан, құм айдаһаршасы, әшекейлі жылан, паллас жылан, қабыршақаяқтылар жылан, көлденең жолақты жылан және қарапайым боз жылан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети