22 қаңтар 2018 08:13

Ақтау мен Атырау тұрғындары тегін акция кезінде бірін-бірі таптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Ақтау тұрғындары мұз айдынында өткен акция барысында бірін-бірі таптады, - деп хабарлайды "Лада". Қазақстандық банктердің бірі жергілікті тұрғындарға коньки тебуді тегін етіп, сый жасады. Осы жағдай Ақтау қаласындағы сауда орталықтарының бірінде адамдарды әбігерге салды. 

 Ұйымдастырушылардың бірі осыншама адамның тегін сырғанауға келеді деп ойламағанын айтады. Барлық келушіні кезекпен кіргізіп отырған. Алайда келушілер саны тым көп болуына байланысты жұрт кептеліп қалған. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай оқиға екінші күн қатарынан жалғасып отыр екен. Конькилерді жалға беру тегін. Әр жарты сағат сайын 30 адамнан құралған топты кіргізіп отырған. 

Сонымен қатар, дәл осындай акция еліміздің тағы 19 қаласында өтіп жатыр. "Мой Город" мәліметінше, Атыраудағы Мұз айдыны сарайында да осындай жағдай болған. 

Онда мұз алаңына тек өзінің конькиімен кіргізген, ал жалға алу ақылы болған. Алайда соның өзінде де ақылы конькилерді алушылардың көптігіне байланысты, коньки тапшылығы байқалған. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети