ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қараша 2019 | 14:38
Ақтауда әлеуметтік жоба қатысушыларының аймақтық форумы өтті
Бүгін Ақтауда "Zhas Project" жобасы аясында аймақтық форум өтті. Форумға Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. "Zhas Project" жобасына Маңғыстау облысынан 1264 жоба ұсынылған болатын. Соның ішінен 321 жоба грант ұтып алды. Шара барысында жоба иегерлерінің қатысуымен көрме өтті. Олар 6 ай бойы жасаған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті.

"Бүгін берері мол бастаманың куәгері болып отырмыз. Осындай жобаны ұйымдастырып отырған Білім және ғылым министрлігіне алғысымды білдіремін. Себебі, өздеріңіз куә болғандай жастар сан сала бойынша жобаға қатысып, белсенділік танытқан. Әрине, әлеуметтік жоба болғаннан кейін қаншама еңбек бар. Осы ретте жастарға сәттілік тілеймін. Өз кәсібін бастап, болашаққа құрған жоспарларының орындалуына тілектеспін", - дейді облыс әкімі Серікбай Трұмов.
Жастар корпусын дамыту жобасы өңірдегі жастардың өз ісін бастауға серпін берді. Соның нәтижесінде облыс аумағында отандық аяқ киім шеберханасы, типография, ағылшын тілін үйрететін оқу орталығы, сүт өнімдерін әзірлейтін арнайы орын және қолөнер бұйымдарын тігетін шеберханалар өз жұмысын тұрақты түрде жүргізуде. Бүгінде олар әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтып отыр.
Сондай-ақ іскер, белсенді жандарға жанашырлық танытып, қолдау көрсеткен әр аудандағы Жастар ресурстық орталығының жетекшілері марапатталды.
Показать комментарии
Читайте также