22 ақпан 2019 13:47

Ақтауда балабақша директоры тәрбиешіні ұрып, қорлағаны үшін айыппұл арқалады

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда "Айналайын" жекеменшік балабақшасының директоры тәрбиешіні ұрып, қорлағаны үшін айыппұл арқалады, - деп хабаралайды Тengrinews.kz тілішісі қаланың мамандандырылған әкімшілік сотының өкілдеріне сілтеме жасап.


Ақтауда "Айналайын" жекеменшік балабақшасының директоры тәрбиешіні ұрып, қорлағаны үшін айыппұл арқалады, - деп хабаралайды Тengrinews.kz тілішісі қаланың мамандандырылған әкімшілік сотының өкілдеріне сілтеме жасап.

Қаланың мамандандырылған әкімшілік соты 13 ақпанда 10.45-те балабақшаның директоры тәрбиеші Қаржаеваны қоғамдық тәртіпті бұзып, оған зәбір көрсеткендігін анықтады. Айғақ ретінде ұялы телеофон камерасына түскен бейнежазба мен полиция инспектороның материалдары бар. 

Соттың үкімімен Гүлжанат Мұратбай ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 434-бабына сәйкес айыпты деп танылды. Оған бес айлық есептік көрсеткіш (12 625 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, айыппұл ерікті түрде 30 күнде төленуі тиіс.

Осыған дейін "Айналайын" балабақша тәрбиешісінің бас жарақатымен ауруханаға жатқызылғаны хабарланған. Балабақшаның директоры мен тәрбиеші арасында жанжал шыққан. Желіде жарияланған видеода әйел адам басын ұстап жылап жатқаны түсірілген. Оның қасында ақ халатты әйелдер тұрған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети