06 желтоқсан 2014 19:02

Ақтауда бесікке байланған баланың денсаулығы жақсарып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Lada.kz ©Lada.kz

Туғандары бесікке байлап тастаған Бекнұр Мырзаның денсаулығы жақсарып келеді, "Лада" басылымының тілшісі бұған көз жеткізді. Бала - Маңғыстау облыстық мамандандырылған Сәбилер үйінде.


Туғандары бесікке байлап тастаған Бекнұр Мырзаның денсаулығы жақсарып келеді, "Лада" басылымының тілшісі бұған көз жеткізді. Бала - Маңғыстау облыстық мамандандырылған Сәбилер үйінде.

Баланы бір дәрігер бір жеке үйдің алдынан тауып алған болатын. Ол бесікке таңылып, күн астына қалдырылған. Дәрігер баланың жағдайын қарап, оның арқасы мен санында көп жатқандықтан пайда болған жараны байқайды. Ал жөргегін құрт жеп жатыр екен. Дәрігер дереу жедел жәрдем мен полицияны шақыртады. Баланың әкесі мен әжесіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, анасы ата-ана құқығынан айырылды. Бала ауруханадан шыққан соң балалар церебрал сал ауруы және дамымай қалу диагнозымен Сәбилер үйіне жіберілді. Сәби өздігінен отыра да алмайды. 

"Бекнұрға мүгедектік диагноз қою ерте", - деді "Маңғыстау облыстық мамандандырылған сәбилер үйі" мемлекеттік мекемесінің дәрігері Светлана Жұбандүрлиева. "Әрине, Бекнұрдың бұлшық ет тонусы әлсіз, бірақ бұл баланың бір жыл бойы бесікке таңылған күйі жатуынан. Оны ешкім баққан жоқ, ойын ойнамады", - деді ол. 

"Лада" баланың жаңа отбасылы болуға мүмкіндігі барын жазады. Оны ертеде тастап кеткен анасы табылған. Ата-ана құқынан айыру мерзімі алты айдан кейін бітеді, содан кейін Бекнұрдың анасы оны үйіне әкете алады. Қазіргі уақытта ол балаға жиі келеді, бала болса анасын танып, әр келген кезде қуанады екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети