Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ақтауда газ құю станциясы өртке оранды

01 Қыркүйек 2014, 19:35
0
Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды
Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Ақтаудағы 28 "А" ықшам ауданындағы "Ақнұр" газ құю станциясы өртке оранды. Қалалық өртке қарсы күрес мекемесінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте өрттің станциядағы бір колонкадан шыққаны айтылған, деп хабарлайды "Лада" газеті.

Оқиға куәгері Жасұлан Жаймұханов станциядағы өрт шамамен түскі 15 сағат 50 минутта шыққан. Қала тұрғындарының пікірінше, өрт әлдебір көлік жүргізушісінің газ құятын шлангыны орнына қоюды ұмытып кетуінен болған. 

Оқиға орнына өрт сөндіруші бригада келгенге дейін газ құю станциясының қызметкерлері газ беруді тоқтатып тастаған. 

"Жалын бір ғана колонкадан шыққан. Өртті сөндіруге бар болғаны бір минут қажет болды", - делінген Ақтау қалалық өртке қарсы күрес қызметі таратқан мәліметте.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай