Ақтауда қоқыстан медициналық қалдықтар табылды

02 Желтоқсан 2014, 13:57
0
Ақтауда қоқыстан медициналық қалдықтар табылды - ©www.aktau-business.com
©www.aktau-business.com

Ақтауда құрылыс қалдықтарының қоқысы табылды, сол жерге медициналық қалдықтар да лақтырылған, - деп хабарлайды Aktau-Business. Қоқыс туралы мәліметті "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес мекемесіне тұрғындар хабарлаған.

"Лақтырылып тасталған заттардың ішінде пайдаланылған шприцтер, трубкалар, қаны бар дәрі тамызғыштар мен өте көп мөлшерде дәрі-дәрмектің түрлері және тағы да басқа емдік дәрілер бар. Медициналық қалдықтарды қаланың кез келген медициналық мекемесі тастауы мүмкін және оны анықтау қиынға соқпас еді, егер жарияланған шағын және орта бизнесті тексеру мораторий болмағанда. Сонда да, жіті назар аудару қажет, белгілі таптағы медициналық қалдықтар адам денсаулығына, қоршаған ортаға аса қауіпті және мұндай қалдықтар санитарлық ережелер бойынша бақылауда болуы тиіс", - дейді "Эко Маңғыстау" директоры Кирилл Осин.

Қоғамдық ұйым өкілдері табиғатты қорғау прокуратурасына тексеру жүргізу туралы арыздарын жіберіп те қойды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар қала басшылығына және санитарлық-эпидемиологиялық қызметке медициналық қалдықтар төгілген қоқысты алып тастау туралы өтініштерін жеткізді. "Бұл дәрі тамызғыштар мен шприцтер қандай ауруларға қолданылғандары туралы ойлаудың өзі қорқынышты", - дейді Кирилл Осин. Ақтау басшылығы пайда болған бұл қауіпті қоқысқа қатысты әзірге еш мәлімдеме берген жоқ.  

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай