30 қазан 2015 15:18

Ақтауда мектеп қоңырауын қазақ күйлерімен алмастыру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақтауда мектеп қоңырауын қазақтың халық күйлерімен алмастыру ұсынылды, - деп хабарлайды "Лада". Сонымен қатар, мектеп бағдарламасына арт-терапияны енгізу туралы ұсыныс айтылды. Психолог Азамат Хасен мұғалімдер эмоционалдық қиындықтарға тап болмауы үшін оларға арнап, релаксация бөлмесін ашу керектігін айтты.

Мамандар мектеп мұғалімдері мен психологтарын жасөспірімдердің суицид жағдайларына байланысты оқыту керек екенін атап өтті. Нақтырақ айтқанда, олар суицид жасағысы келетін жасөспірімдерді анықтай алуы керек екен. Бұл қайғылы оқиғадан бұрын шара қолдануға мүмкіндік береді. Суицидтің алдын алу үшін Ақтауда психологиялық кеңес берілетін бөлменің ашылғаны хабарланып отыр. 

Мұнымен қатар, "ВКонтакте", Facebook әлеуметтік желілерінде интернет-парақшалардың ашылғаны айтылады. Маңғыстаулықтарға арналған психологиялық көмек ресми сайты да ашылыпты - Help-ray.kz. Мұнда әрбір адам өзінің проблемасы жайлы айтып бере алады және психологтың кеңесін ала алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети