24 шілде 2019 21:02

Ақтауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жағажай ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерекше алаң Қазақстанның Тұңғыш Президенті қорының көмегімен іске қосылды, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Ерекше алаң Қазақстанның Тұңғыш Президенті қорының көмегімен іске қосылды, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Енді мүгедек жандар да Каспий суына түсіп, құмына қыздырына алады. Мұнда арбамен қозғалатындар үшін арнайы жол салынған. Арбамен тіке теңізге барып, суға түсуге болады.

"Біздің баламыздың диагнозы ДЦП артоника. Оның денесі өте бос. Сол қазір қатайып, жақсаруда. Теңіз жағалауында йод жұтып, баламыз жақсы нәтиже алып жатыр", - дейді қала тұрғыны Рабиға Қарақұлова.

Құны 1 миллион теңге тұратын мұндай бейімделген арбаларды демеушілер алып берген. Ал кішкентай балалар үшін үрлемелі бассейн қойылған. Олардың суға түсіп, жағалауда демалуына ерікті жастар көмектесіп жүр. Мүмкіндігі шектеулі жандарды бұл жағажайға арнайы бөлінген көліктер тасиды.

"11 волонтердің ішінде жалғыз ұлмын. Біз мүгедек адамдарды, арбамен қозғалатын адамдарды арба арқылы теңіздің үстінде жүргіземіз. Бізге осы бір ай ішінде 50 адамдай келді. Тағы қосылып, көбейе береді", - дейді Серік Дүйсенбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети