07 шілде 2019 17:50

Ақтауда полицей суға кеткен қызды құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция инспекторы суға батып жатқан қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды inaktau.kz.


Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция инспекторы суға батып жатқан қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды inaktau.kz.

Оқиға 5 шілдеде шамамен 17:00-де болған. Полиция аға сержанты Медет Көптілеуіов "Шоры" аумағында демалып жүрген. Ол суға батып жатқан қызды көріп қалып, көмекке асыққан. Негізінде бұл аймақта шомылуға мүлде рұқсат жоқ. 

"Құқық қорғау органдарының қызметкері ойланбастан қызды құтқаруға жүгірген. Полицей өз әрекетін "батырлық" деп санамайды, оның айтуынша, ол тек азаматтық және қызметтік парызын орындаған. Осы оқиға болған кезде бар күш жігерін салып, қызды аман алып қалған, - деді полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети