15 тамыз 2014 17:01

Ақтауда салық қызметкері 4 миллион теңге пара алғаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ortcom.kz ©ortcom.kz

Ақтауда Маңғыстау облыстық салық департаменті аудит басқармасының басшысы 4 миллион теңге пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Aktau-Business.Com. порталы. Айыпталушылар қатарында істі болған Серікқали Ахметалиевпен бірге пара беруші мен алушы арасында делдал қызметін атқарған тағы бір адам отырды. Бұл іске 20 жуық куәгер қатыстырылған.

Салық қызметкері өзінің жеке көлігінде параны алып жатқан жерінде қолға түскен. Ол уақытта көлік салонында арнайы ұнтақ себілген үш бума ақша табылған. Алдын ала болжам бойынша, Ахметалиев жергілікті кәсіпкерді бопсалаған. Төрт миллион теңге бола ол фирманы аудиторлық тексеру кезінде анықталған заң бұзушылыққа мән бермеуге уәде берген. Парақорды ұстау барысында іске қажетті бейнетүсірілім де жүргізілген.

Бұл іске қатысты куәгер қыз Оралдағы салық басқармада Ахметалиев оның басшысы болғанын, туыстары емделуге берген ақшаны өзіне жеке көлік сатып алу үшін қарызға сұрап алғанын мәлім етті. Арада бірер уақыт өткенде мүгедек қыз жұмыстан қуылыпты. Сол себепті жәбірленуші өзінен қарыз алған салық қызметкерін сотқа берген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети