30 қазан 2019 | 14:50

Ақтауда Түркия Республикасының құрылғанына 96 жыл толуы атап өтілді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда Түркия Республикасының құрылғанына 96 жыл толуы атап өтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін Түркия Республикасының құрылғанына 96 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Ақтау қаласындағы Түркияның Бас консулы Мұзаффер Ақйылдырым бастаған делегацияны осынау айтулы мерекемен құттықтап, екі елдің арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты ерекше атап өтті.

Иконка комментария блок соц сети

"Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігіне қол жеткізген жылдардан бастап, Қазақстан мен Түркия мемлекетінің басшылары ынтымақ пен берекенің үлгісін көрсетіп келеді. Ол біз үшін өте маңызды. Біздің түбіміз бір, тегіміз бен қасиетті құндылықтарымыз ортақ, тарихымыз бен жүріп өткен жолымыз ұқсас. Білікті реформатор Мұстафа Кемал Ататүрік іргесін қалаған Түркия - мемлекет ретінде қалыптасу үшін талай қилы кезең мен қиындықты өткізгені тарихтан белгілі. Алайда, ауызбіршілік пен татулықтың арқасында оның бәрі өткен шақтың еншісінде қалды. Алдағы уақытта да бауырлас Түркия халқына өркендеу мен гүлденуді тілеймін!" – деп атап өтті аймақ басшысы.

Түркияның экономикалық белсенділігі Маңғыстау өңірі үшін де едәуір үлесін тигізіп келеді. Маңғыстау мен Түркия елі арасындағы сауда-экономикалық байланыстың маңызы зор. "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру арқылы облысымыздың көлік әлеуеті артып келеді. Құрық порты жобасының арқасында Маңғыстау өңірі Азия мен Еуропаның алтын көпіріне айналып отыр. 2019 жылдың 8 ай көрсеткіші бойынша Маңғыстау облысымен Түркия Республикасының арасындағы тауар айналымы 211 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 22 есеге артық. Сондай-ақ, облысымызда құрылыс, құрылыс тастарын өндіру, мейрамханалар және қызмет көрсету саласында түрік капиталының қатысуымен 74 бірлескен кәсіпорын тіркелген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети