13 шілде 2017 12:10

Ақтаудағы әскери бөлім матросының өлім себебі белгісіз қалып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсат Шишімбаев. ©  lada.kz Мақсат Шишімбаев. © lada.kz

Ақтаудағы 29011 әскери бөлімшесінің матросы Мақсат Шишімбаевтың өліміне қатысты іс Астананың бас әскери прокурорына тапсырылды. Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Рүстем Ходжаевтың сөзінше, жедел әскери қызмет жауынгері өзіне қол салды деп есептелді. Дегенмен өлімге не себеп болғаны әзірше белгісіз, - деп хабарлайды Лада


Ақтаудағы 29011 әскери бөлімшесінің матросы Мақсат Шишімбаевтың өліміне қатысты іс Астананың бас әскери прокурорына тапсырылды. Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Рүстем Ходжаевтың сөзінше, жедел әскери қызмет жауынгері өзіне қол салды деп есептелді. Дегенмен өлімге не себеп болғаны әзірше белгісіз, - деп хабарлайды Лада

Рүстем Ходжаевтың мәліметі бойынша, әскерге Қостанайдан келген жауынгердің өлім дерегіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Матрос 10 наурызда душ қабылдайтын бөлемеден табылған. Жауынгердің басында оқ жарақаты болған. 

"Біз барлық қажетті сараптама қорытындысын алдық. Қазір іс Астананың бас әскери прокурорының қарауында. Іс материалдары марқұмның әкесі талап еткеннен кейін сонда жолданды. Жауынгердің өлім себебі анықталған жоқ. 29011 әскери бөлімшесінде жақсы жағдай жасалған", - дейді Рүстем Ходжаев. 

Ақтау гарнизоны прокурорының сөзінше, жыл басынан бері әскерилер арасында бір ғана өлім тіркелген. Ал 2016 жылы мүлде болмаған. 

"Әскерилеріміздің өмір қауіпсіздігі менің қадағалауымда. Бұл бағытта жұмысты дұрыс жүргізілмегені анықталса, кінәлілерді қатаң жазалауды талап етемін. 29011 бөлімшесінде жауынгердің өліміне қатысты қызметтік тұлғалардың жауапкершілігі мәселесі әзірше белгісіз болып отыр", - дейді ол. 

Мақсат Шишімбаевтың өлімі туралы Қазақстанның Қорғаныс министрлігі хабарлаған болатын. "10 наурызда қаруды абайламай қолдану себепті 29011 әскери бөлімінің матросы Шишімбаев М. А. қаза болды". Ведомство өкілдері тергеу жүріп жатқанын да мәлімдеген болатын. 

Мерт болған жауынгердің анасы Айсұлу Құлтасова ұлының өзіне қол салғанына сенбеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети