Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ақтаудағы ТЖ: Тасмағамбетов төрт әскери басшыны қызметінен босатты

19 Қыркүйек 2015, 13:16
1
© ҚР Қорғаныс министрлігі
© ҚР Қорғаныс министрлігі
© ҚР Қорғаныс министрлігі
© ҚР Қорғаныс министрлігі
© ҚР Қорғаныс министрлігі
© ҚР Қорғаныс министрлігі

Бүгін, 19 қыркүйек күні, ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов оқиға орнына ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алдымен министр өзінің және Қорғаныс министрлігінің атынан қаза болғандардың жақындары мен туысқандарына көңіл айтып, әскери қызметшілердің денесін жеткізуге әскери-көлік авиациясының ұшақтарын бөлу және олардың отбасына материалдық көмек көрсету жөнінде нұсқау берді.

© ҚР Қорғаныс министрлігі

Арнайы өткізілген жиында Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов Министрге төрт әскери қызметшінің қазасына әкеп соқтырған оқиғаны тексерудің алдын-ала қорытындысын баяндады.

© ҚР Қорғаныс министрлігі

Алғашқы тексеру нәтижелері көрсеткендей, аталған қайғылы оқиға десантты-түсіру құралдары жоқ кезде теңіз десантын түсіру практикалық эпизодын орындау барысында дұрыс шешім қабылдамау салдарынан орын алғандығы анықталды. Сондай-ақ, Қорғаныс министрі арнайы комиссияға қызметтік тексеру жүргізуді тапсырып, әскери қызметшілердің өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты кінәлі лауазымды тұлғаларды анықтауды тапсырды.

Әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша Әскери прокуратура қылмыстық іс қозғады.

Алдын-ала тексеру және тергеу қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің шешімімен полковник Мұрат Нұғыманов қызметінен шеттетіліп, "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы қызметінен босатылды. Сонымен қатар, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы Ризат Қолпашевті, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының жауынгерлік даярлық бойынша орынбасары, полковник Мерген Қапашевті, теңіз жаяу әскері бригадасының командирі, подполковник Ерболат Толықбаевты қызметінен босату туралы шешім қабылданды. Олардың бұдан арғы жауапкершілігін әскери прокуратураның тергеу шараларының нәтижесі бойынша сот органдары анықтайтын болады.

© ҚР Қорғаныс министрлігі

Ведомство басшысы жұмыс барысында әскери госпитальда жатқан сарбаздардың көңілін сұрап, осындай қауіпті әрі экстремалды жағдайдағы ұтымды әрекеттері үшін алғысын айтты және тез арада сауығып кетулеріне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, жан-жақты медициналық тексерумен қатар, психологиялық көмек көрсетуді тапсырды.

Еске сала кетейік, кеше, 18 қыркүйек күні Ақтауда өтіп жатқан "Орталық-2015" оқу-жаттығуының "Орта Азиялық стратегиялық бағытта жауынгерлер тобының операция жүргізуі" екінші кезеңінде ("Оймаша" полигонынан 5 шақырым қашықтықта) "теңіз десантын түсіру және плацдармға тосқауыл қою" эпизодын орындау барысында алты БТР-80 техникасы мен 52 әскери қызметші теңізге шыққан.

"Теңізден шамамен 150 метр өткеннен кейін қатты жел мен жоғары толқын салдарынан төрт БТР-80 суға батып кетті. Екі техника өз күшімен жағалауға шықты. Алдын-ала мәлімет бойынша мерзімді қызметтің 4 әскери қызметшісі суға батып кеткен", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтың ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясына жағдайдың себебін толық анықтау үшін жедел арнайы топ құрып, оқиға орнына баруды тапсырды. Төтенше жағдай ҚР Қорғаныс министрінің тікелей бақылауына алынды.

© ҚР Қорғаныс министрлігі


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай