14 қыркүйек 2016 13:39

Ақтөбе әкімдігі ата-анасыз тұрып жатқан алты баланың жағдайына қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еріктілер жіберген сурет Еріктілер жіберген сурет

Ақтөбе әкімдігі саяжайда ата-анасыз тұрып жатқан алты баланың жағдайына қатысты түсінік берді. Tengrinews.kz тілшісіне түсініктеме берген Ақтөбе қалалық әкімдігіндегілер жасы кәмелетке толмаған балалардың ісі жөніндегі комиссияның хатшысы Ботагөз Бисенова хабарласты. Ол қазіргі уақытта материалдық және басқа да көмектің көрсетіліп жатқанын айтты.


Ақтөбе әкімдігі саяжайда ата-анасыз тұрып жатқан алты баланың жағдайына қатысты түсінік берді. Tengrinews.kz тілшісіне түсініктеме берген Ақтөбе қалалық әкімдігіндегілер жасы кәмелетке толмаған балалардың ісі жөніндегі комиссияның хатшысы Ботагөз Бисенова хабарласты. Ол қазіргі уақытта материалдық және басқа да көмектің көрсетіліп жатқанын айтты.

42 жастағы үй отағасы бірнеше күн бұрын инсульт алып ауруханаға түскен. Алайда балаларының жағдайын ойлаған әке ауруханадан мерзімінен бұрын шығып кеткен. Әкімдіктің мәліметі бойынша, отбасы еш уақытта көмек сұрамаған. "Қыздары сабақтарынан қалмайды, жақсы оқиды тек 4 пен 5-ке, бесінші және екінші сыныпта оқиды. Сынып жетекшілерінің айтуынша, олардың киімдері таза әрі киімге мұқтаж болмаған, материалдық көмек сұрап өтініш те білдірмеген. Сондықтан материалдық көмек көрсетілмеген. Бұл жағдайдың мән жайын бала дәрігері (педиатр) білетін. Алайда қамқорлық көрсету органына да, полицияға да айтпаған. Себебі әкесі солай өтінген екен", - деді Бисенова. 

Әкімдіктегілер балалардың анасы басқа қалада табыс табу үшін жүргенін растап отыр. Бірнеше ай бұрын кішкентай сәби пайда болған, қазір оның жасы алты айлық екен. "Көршілердің айтуынша, аналары анда-санда бір көрінеді, ақша жіберіп тұрады. Әкесінің айтуынша, ол қазіргі кезде жұмыссыз, үй салу үшін көліктерін сатып жіберген. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама қызметкерлері таяуда осы үйге келіп, ер адамға жұмысқа орналасуға көмек беретінін айтқан", - деді әкімдіктегілер. 

"Біз қазіргі кезде балаларды әкесінен айырмаймыз. Егер балаларды алып кететін болсақ, оларды жас аралығына байланысты бөлу керек болады. Кәмелет жасына толмаған балаларды бейімделу орталығында төрт жастан 18 жасқа дейін қабылдайды. Ал төрт жасқа толмаған балаларды Балалар үйіне жібереді. Әр түрлі мекемелерге жіберу керек болады. Бұл балалардың мүддесіне қайшы. Әкелері ішпейді, оның дәлелді себептері бар. Ол ауруханаға түсіп қалған. Сондықтан біз балаларды тартып ала алмаймыз. Оларды күн сайын мектептің қамқорлық қызметкерлері келіп қарайтын болады, сондай-ақ үйдің құрылысы біткенге дейін көршілері балаларды қарайтын болады", - деді Ботагөз Бисенова. Оның айтуынша әкесіне кішкентай балаларды балабақшаға тегін орналастыруды ұсынған, алайда ол қарсылық білдірген. Сонымен қатар, Ақтөбеде отбасының туыстары тұрады екен.

Еске салайық, Ақтөбеде еріктілер құрылысы бітпеген үйден ата-анасыз тұрып жатқан балаларды тауып алған. Қазіргі кезде осы жағдайға бейжай қарай алмайтын тұрғындар (азық-түлік, киім-кешек, құрылыс заттары) көмек көрсетіп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети