"Ақтөбе аруы – 2014" анықталды

21 Мамыр 2014, 14:19
0
"Ақтөбе аруы – 2014" анықталды - Айнұр Қожаеваның жеке мұрағатынан
Айнұр Қожаеваның жеке мұрағатынан

"Ақтөбе аруы – 2014" 18 жастағы Айнұр Қожаева атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жас ару Жұбанов атындағы университеттің студенті. Бала кезінен бимен, сурет салумен айналысқан Айнұр дизайнер мамандығын таңдапты. Айнұр бұған дейін "Ақтөбе аруынан" басқа да сұлулық байқауларына қатысып келеді. Ол өзі оқитын оқу ордасындағы ең әдемі қыз және Ақтөбе қаласы бойынша студенттер арасында өткен "Көктем ауруы" байқауының екінші орын иегері. Алдағы уақытта Айнұр өз қаласының атынан жылдың соңына қарай өтетін "Қазақстан аруы – 2014" байқауына қатыспақ. 

"Ақтөбе аруы – 2014" байқауына ақылына көркі сай 18 ару қатысты. Бірінші вице-ару атағы 16 жастағы Назым Жәнібекке бұйырды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай