26 ақпан 2019 | 12:21

Ақтөбе облысына жаңа әкім тағайындалды

Ақтөбе облысына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Премьер-министр Асқар Мамин облыс активіне өңірдің жаңа басшысы Оңдасын Оразалинді таныстырды.

Реклама
Реклама

Осыған дейін, Ақтөбе облысының әкімі қызметінде Бердібек Сапарбаев болды. 2019 жылы 25 ақпанда ол Президент жарлығымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Оңдасын Оразалин бұған дейін Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған болатын.
Оразалин 1963 жылы дүниеге келген. Ақтөбе педагогикалық институты мен Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек қызметін Ақтөбе педагогикалық институтында оқытушы болып бастаған.

1993-1999 жылдар арасында "Рика" банкінің басқарма төрағасы болды. 1999-2000 жылдары "Облтрангаз" ЖАҚ, "Ақтөбегаз" ЖАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2000-нан 2003 жылға дейін Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі болды. 2003-2004 жылдары - Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының басшысы. 2004 жылы Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2005-2006 жылдары - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2007-2008 жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2008-2014 жылдары - Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2014-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісі. 2017 жылдың 22 наурызында Елбасының Жарлығымен Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная