08 мамыр 2019 | 16:56

Ақтөбе облысында 15 азаматқа "қоғамдық көмекші" мәртебесі берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қоғамдық көмекшілерге куәлік табыстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметі не сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қоғамдық көмекшілерге куәлік табыстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметі не сілтеме жасап. 

8 мамыр, сәрсенбі күні  облыс басшысы Оңдасын Оразалин 15 азаматқа "Облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі" куәлігін табыстады. Әрбір ауданнан бір-бір азамат және Ақтөбе қаласынан үш өкіл облыс әкімінің  қоғамдық көмекшісі болып бекітілді.

"Халық арасында  қандай да  бір өзекті  мәселелерді  өздеріңізбен ақылдаса отырып шешеміз деген үміттемін. Өңірдің әлеуметтік  жайын дамытуда  тізе  қоса жұмыс жасаймыз деп сенемін. Өздеріңізбен ақылдасып, пікір алмасуға қашанда дайынмын", - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Қоғамдық көмекшілер елімізде жүзеге асып жатқан саясатты халыққа түсіндіру, әкімдердің тұрғындармен байланысын нығайту сынды жұмыстармен айналысады. Облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі болып бекітілген өкілдер - бұрын жергілікті әкімдіктерде қызмет еткен, туған жерлеріне абыройлы азаматтар. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети