06 сәуір 2016 13:59

Ақтөбе облысында 2 мыңнан аса баланың ата-анасы екпеден бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© komi-news.ru © komi-news.ru

Ақтөбе облысында 2132 баланың ата-анасы екпеден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мәлімдеді. Оның мәліметінше, бас тартқандардың басым бөлігі Ақтөбеде - 1171, сонымен қатар, Темір және Мұғалжар аудандарында - 287 және 258.


Ақтөбе облысында 2132 баланың ата-анасы екпеден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мәлімдеді. Оның мәліметінше, бас тартқандардың басым бөлігі Ақтөбеде - 1171, сонымен қатар, Темір және Мұғалжар аудандарында - 287 және 258.

Сонымен қатар, екпеден бас тартқан ата-аналардың балаларының арасында 1247 балаға бірде-бір екпе салынбаған. "Бас тартушылардың мәселесін шешу медициналық қызметкерлердің өзге ведомстволармен, дін басылармен, ақпарат құралдарымен өзара әрекет етуін талап етеді", - деді ол. Қалиевтің айтуынша, денсаулық сақтау саласындағы проблемалардың қатарына сыртқы әсерлердің кесірінен өлімнің артуы кіреді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша, жарақаттар мен жазатайым оқиғалардан 677 адам қайтыс болған, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға жоғары. Өлімнің негізгі сыртқы себептертерінің арасында өзін-өзі өлтіру (26 пайыз), жол-көлік оқиғасы (18 пайыз), суға байқаусызда батып кету (9 пайыз), кісі өлтіру (7 пайыз) және ішімдіктен улану (4 пайыз) бар.

Сонымен қатар, бұл өңірде 94 дәрігердің жетіспейтіні хабарланды. Дәрігерлердің жетіспеушілігі әсіресе ауылды жерлерде өршіп тұр. Бұл аймақта жалпы тәжірибелік дәрігерлер, анестезиолог-реаниматологтар, акушер-гинекологтар, кардиологтар, педиатрлар жетіспейді. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының ойынша, бұл мәселені жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен өңірлердегі тапшы мамандарды ескере отырып, сол мамандықтарға бөлінетін гранттарды арттыру арқылы шешуге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети