23 қаңтар 2014 11:46

Ақтөбе облысында 900-ден астам адам жолда қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР ТЖМ баспасөз қызметі ©ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында 900-ден астам адам қар құрсауында қалды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жолаушылар қолайсыз ауа райы кезінде республикалық маңызы бар Самара - Шымкент және Ақтөбе - Ор тас жолдарында тұрып қалған. Олардың арасында 50 бала бар. Қарға тұрып қалғандар Ырғыз, Қарабұтақ, Әлімбет, Ащылысай елді мекендері маңынан құтқарылды. Жолаушылар жақын ауылдардағы әлеуметтік нысандарға жайғастырылды. Боран мен қардың салдарынан жолда қалған көліктердің саны 400-ден асады. Жолдарды қардан тазарту және адамдарды тасымалдау жұмыстары сағат 00.00-ге дейін жалғасты, бұл жұмыстарға 20 арнайы техника мен төтенше жағдайлар саласының 50 қызметкері тартылды. Қазіргі уақытта қар құрсауында қалған адамдардың ешқайсысының өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, оларға жылы жер бөлініп, ыстық тамақ беріліп жатыр. Өткен аптада елімізде тәулігіне шамамен 250 адамнан жолда тұрып қалған болатын. Олардың бәрі түгел құтқарылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети