28 шілде 2016 16:55

Ақтөбе облысында қатал тәртіптегі колонияда жазасын өтеп жатқандар колледждерде білім алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© cheboksary.ru © cheboksary.ru

Ақтөбе облысында қатал тәртіптегі колонияда жазасын өтеп жатқандар колледждерде білім алатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе ақпарат" орталығына сілтеме жасап.


Ақтөбе облысында қатал тәртіптегі колонияда жазасын өтеп жатқандар колледждерде білім алатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе ақпарат" орталығына сілтеме жасап.

Мұғалжар ауданының Жем қаласында орналасқан КА-168/5 қатал режимдегі колониясында көпсалалы колледж ашылмақ. Кадрлар ағаш және жиһаз өндірісі шебері, электр газ дәнекерлеуші, тігінші және электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик мамандықтары бойынша даярланады. Қазіргі таңда оқу кабинеттері мен өндірістік шеберханалар жабдықталып, оқытушылар құрамы іріктелуде. Сабақ осы жылы басталады деп жоспарланып отыр. Алғашқы жылы колледжге 100 студент қабылданады. Оларға 15 педагог дәріс оқиды екен.

"Оқуға түсетін сотталғандарға кәсіби тұрғыда бағыт-бағдар береді. Олардың жеке істері қаралады. Бұрын-соңды кәсіби білім алмағандарға басымдық беріледі. Колледж жанынан 4 өндірістік зертхана жұмыс істейтін болады. Сонымен бірге, түзету мекемесінің жетекшілігі кәсіпкерлерді колония аумағында өндіріс орындарын ашуға шақырады. Егер олар цехтар ашатын болса, колледж студенттері ол жерде тәжірибеден өтер еді", - деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Руслан Бегімбетов. Оның айтуынша, бүгінге дейін КА-168/5 мекемесінде тек кешкі мектеп жұмыс істеп келген.

Айта кетейік, жаңа колледж Ақтөбе облысында сотталғандар білім алатын бірден-бір орта-мамандандырылған білім беру мекемесі емес. КА-168/2 мекемесінде ұсталар, электр газ дәнекерлеуші, токарь және тігін істері оқытылады. Өнеркәсіп аумақтарында сотталғандарды жұмыспен қамтып отырған бірнеге кәсіпкерлік субъектісі бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети