Ақтөбе облысында колонияға ірі көлемдегі соманы алып кіруге оқталу дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында колонияға ірі көлемдегі соманы алып кіруге оқталу дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Колониялардың біріне көлік құралы (манипулятор) кірген сәтте құқық қорғау органдары қызметкерлері тексеру барысында қол жетуі қиын жерлердің барын байқаған. ҚАК қызметкерлерінің қырағылығы өз нәтижесін берді. Автокөліктің ішінен қорап табылды, онда қолма-қол теңге, рубль және АҚШ долларлары болды", - деді Ақтөбе облыстық Қылмыстық-атқару департаментінің өкілі Нұргүл Жұмағұлова.
Қаражатты санау барысында, жалпы сомасы миллион теңгеге жеткені анықталды.
"Осы дерекке қатысты іс материалдары Мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді", - деді Нұргүл Жұмағұлова.