18 қаңтар 2018 14:15

Ақтөбе облысында өртеніп кеткен автобуста қай елдің азаматтары болғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық сурет © Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе олысында өртеніп кеткен автобус салонында барлығы 57 адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың екеуі Қазақстан, ал қалғандары Өзбекстан азаматтары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстанның ТЖМ сайтына сілтеме жасап. 


Ақтөбе олысында өртеніп кеткен автобус салонында барлығы 57 адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың екеуі Қазақстан, ал қалғандары Өзбекстан азаматтары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстанның ТЖМ сайтына сілтеме жасап. 

"Салонда барлығы 57 адам болған, алдын ала мәлімет бойынша, Өзбекстанның 55 азаматы және ҚР-дің 2 азаматы", - делінген хабарламада. 

Өзбекстан Республикасы ТЖМ-нің шұғыл желісі (+998 71) 147-10-50 және (+998 71) 212-67-00.

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК-ның шұғыл желісі +7 7132 56-29-62 және +7 7132 56-68-85.

ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев төтенше жағдайдан зардап шеккен және қаза тапқандардың отбасына жан-жақты көмек көрсету үшін арнайы комиссияның құрылғанын хабарлады.

"Комиссияның құрамында ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев, денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Сыртқы істер министрлігі департаментінің директоры Ардақ Мәдиев, құқық қорғау органдарының өкілдері мен облыстық басқа органдарының өкілдері бар", - деп хабарлады Алмас Сәдубаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуретер жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети