18 шілде 2017 11:26

Ақтөбе облысында полицейлерге планшет алып беру үшін 13,7 миллион бөлінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

 © Tengrinews.kz иллюстрациялық сурет © Tengrinews.kz иллюстрациялық сурет

Ақтөбе облысында жергілікті полиция қызметіне 100 планшет сатып алу үшін 13,7 миллион теңге бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұл шара хаттамаларды қолдан жасудың алдын алу үшін жүзеге асырылып отыр. 

"Прокуратура бастамасымен облыс әкімдігі планшеттер сатып алады. Бұл жалған хаттамаларды жасаудың жолын кеседі. Осы мақсатта бюджеттен 13,7 миллин теңге бөлінді", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Прокуратура өкілдерінің мәліметі бойынша, Ұлттық бюро департаментінде хаттаманы қолдан жасауға қатысты істер қарауда жатыр.  

"Жергілікті полиция қызметін тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартуға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Хаттамалардың қолдан жасалғаны да анықталды", - деп атап өтті ведомство өкілдері. 

Осы жағдайдан шығу жолы ретінде прокуратура әкімшілік өндірісті электронды форматқа ауыстыруды ұсынды. 

Еске салайық, мұның алдында ҚР ІІМ және Бас прокуратурасы хаттаманы электронды түрде толтырудың сынама жобасы іске қосылғаны мәлімдеген. Енді адамның ЖСН нөмірін енгізсе болғаны, жүйе ол туралы барлық ақпаратты береді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети