29 шілде 2016 13:50

Ақтөбе облысында радикал ағымдардың 215 ұстанушысы дәстүрлі исламға оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© friendislam.com © friendislam.com

Ақтөбе облысында радикал ағымдардың 215 ұстанушысы дәстүрлі исламға оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе ақпарат" орталығына сілтеме жасап. 


Ақтөбе облысында радикал ағымдардың 215 ұстанушысы дәстүрлі исламға оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе ақпарат" орталығына сілтеме жасап. 

Облыста әйелдерге арналған арнайы оқыту курстары жұмыс істейді, онда дінтанушы әйелдер сабақтар өткізеді. Сонымен қатар "Аңсар" кеңес беру-сауықтыру орталығы жұмыс істейді, онда орталық қызметкерлерінен, ҚМДБ мен медресе өкілдерінен құралған дінтанушылар тобы жұмыс істейді.  

"Олар жыл басынан бері 500-ден аса жеке кездесулер өткізді, оның нәтижесін тәжірибеде көрсетіп берді. Жалпы алғанда өңірде өткізіліп жүрген кездесулердің нәтижесінде биылғы алғашқы жартыжылдықта 215 адам дәстүрлі исламға оралды", - деп хабарлады орталықтағылар.

Өз кезегінде, Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда сауатты теологтар мен беделді имамдар тапшылығы өзекті болып отыр. Мəселен, облыста 7 мешітте имам жоқ. "Біз бұл мəселені шешеміз. Халықтың діни сауаттылығын жоғарылататын, тұрғындарға діни-ұнамдылық тəрбие беретін беделді имамдар мен сауатты теологтар тартамыз", - деп атап өтті облыс басшысы.

Бұл мəселені шешу мақсатында өңір басшылығы Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасымен бірлесе отырып, мешіттерге білікті мамандар тартуға кірісіп кетті. Қызметтегі имамдарға деструктив ағымдарды анықтау жөнінде семинарлар өткізілуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети