13 желтоқсан 2019 | 21:24

Ақтөбе облысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша жеті ірі жоба іске асты

2019 жыл Ақтөбе облысы үшін жетістікке толы жыл болды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында талай ірі жобалар атқарылды.  Білім, мәдениет, спорт төңірегінде де жеткен жетістіктер мен алынған асулар аз емес.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2019 жыл Ақтөбе облысы үшін жетістікке толы жыл болды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында талай ірі жобалар атқарылды.  Білім, мәдениет, спорт төңірегінде де жеткен жетістіктер мен алынған асулар аз емес.

Алтын адам. Ақтөбе өңірінен табылған "Алтын киімді көне ескерткіш" - бүтін қазақ елінің тарихында ерекше орын алатын тарихи құндылық. Темір ауданының Тасқопа елді-мекенінің маңынан біздің заманымызға дейінгі V ғасырда алтын киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны табылды. Аумақтағы қазба жұмыстарын Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлері жүргізген. Қазба жұмыстары кезінде табылған қабірдегі адамның киімі алтынмен жалатылған. Қабірде жылқы да көмілген, оның ер-тұрман әбзелдері де бағалы металмен қапталған. Табылған заттар арнайы мамандарға зерттеуге жіберілді.

Реклама
Реклама

"Туған жерге тағзым" акциясы аясында Ақтөбеде 2019 жылы жерлес-меценаттар көмегімен бюджеттен тыс жалпы құны 1 миллиард 371 миллион 175 мың теңгеге 607 жоба жүзеге асырылды.

Ақтөбе қаласында орнатылған Жалаңтөс Баһадүр ескерткішінің қаржы көлемі - 110 миллион теңге, Бөкенбай батыр ескерткішінің құны - 90 миллион теңге болды. Қарғалы ауданының Қос-Естек ауылында 70 миллион теңге көлеміндегі қаражатқа Жағалбайлы руынан шыққан Сәрке батырға арналған ескерткіш орнатылды.

Ақтөбеде ұйымдастырылған "Әдебиет. Рух. Қоғам" республикалық әдебиет форумы  Қазақстан жазушылар одағының 85 жылдығына арналды. Сонымен қатар, өңірдің жазушылары - Ізтай Мәмбетов, Тобық Жармағамбетов және Сағи Жиенбаевтардың еңбектерін терең зерттеу  насихатталып, бірқатар шаралар өтті.

"Ақтөбе кітапханасы" жобасы қайта жалғасып, кітаптар сериясы 27 томнан 50 томға жетті. Жоба "Парыз" қоғамдық қоры есебінен меценаттық негізде 52 миллион теңгеге жүзеге асырылды. "Жауқазын" сериясымен ақтөбелік 10 жас қаламгердің кітабының тұсаукесері болды.

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Ұлы Абайдың 175-жылдығына орай "Жұбановтан Абайға" атты ғылыми-танымдық экспедициясы ұйымдастырып, Ақтөбе-Нұр-Сұлтан-Павлодар-Семей-Жидебай-Қарағанды-Баянауыл-Қарқаралы бағытындағы киелі жерлерінде болып қайтты. Сондай-ақ, "Жұбанов керуені" кәсіби бағдар беру бағдарламасы, "Балалар университеті" секілді бірқатар жобалар жүзеге асырылды.

Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде "Ұлы даланың ұлы есімдері: Жалаңтөс баһадүр және түркі дүниесі" және "Ер Едіге және ХХІ ғасырдағы қоғамдық сана" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялары болып өтті.

"Ұлы даланың жеті қыры" мақаласының аясында Qazaq Epos қоғамдық қорының бастамасымен өткізілген "Тұлпар мініп ту алған" байқауы, кітап оқу мәдениетін арттыру және үздік көркем шығармаларды кеңінен насихаттау мақсатында "Кітап оқып, рухани бай бол!" республикалық байқауы ұйымдастырылды.

Ұлы Дала киелі жерлерге толы. Ақтөбе облысындағы Жаманшың кратерін қорғау, геопарк құру, ғылыми-зерттеу және іс-тәжірибе алмасу орталығына айналдыру мақсатында  жергілікті бюджеттен жалпы құны 17 млн. теңгеге Жаманшың метеорлы кратеріне Халықаралық ғылыми-зерттеу экспедициясы ұйымдастырылып, ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Ақтөбе облысы аумағында тарихи және мәдени, халықтық сәулет ескерткіштерін далалық жағдайда зерттеу мақсатында "Ойыл-Қиыл өзендері, Солтүстік Арал маңы, Жем-Сағыз өзендері бойындағы және Доңызтау-Үстірт аймағының тарихи мәдени ескерткіштерін этносфера-этнографиялық тұрғыда кешенді ғылыми-зерттеу"   экспедициясы ұйымдастырылды. Экспедицияның жалпы құны - облыстық бюджеттен 16 миллион 400 мың теңге. Жоба нәтижесінде екі кітап-албом шығарылды.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңа ғимаратында "Қазақ хандығы", "1869-1940 жж. Өлке тарихы", "Ерлік пен Даңқ", "1945-1991 жылдардағы Ақтөбе өлкесінің тарихы" және "Тәуелсіздік жолымен" экспозициялық залдары ашылып, 3D виртуал форматта жаңартылды.

Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы Ақтөбе облысының тарих және мәдениет ескерткіштеріне бірегей және жекелеген QR-кодтар орнату жұмыстарын жүргізді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная