12 ақпан 2019 09:33

Ақтөбе облысындағы ауылда аналардың жиі егіз құрсақ көтеруі елді таңғалдырып отыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында егіздер ауылы бар. 300-ден астам тұрғын мекен ететін Жосалыда осы кезге дейін 16 егіз дүние есігін ашқан. Бұл ауылдықтардың есінде қалғаны ғана, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 


Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында егіздер ауылы бар. 300-ден астам тұрғын мекен ететін Жосалыда осы кезге дейін 16 егіз дүние есігін ашқан. Бұл ауылдықтардың есінде қалғаны ғана, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Статистикаға сүйенсек, әдетте 1000 құрсақтың тек 3-4-і ғана егіз болады. Шағын ауылдың демографиялық өсімін жергілікті тұрғындар таңғажайып құбылысқа балайды.

"Барлық немерелерімді өзім тұзға шомылдырып, тұзға пісіріп, майлап, бесікке бөлеймін. Барлық немерелерім өзімнің қолымнан өтті. Естіп жатамыз ғой теледидардан үшеу туыпты, төртеу туыпты деп. Сол кезде таң қалатын едік. Енді шүкір. Келініміз міне екеуін босанып қуантып жатыр. Үлкен азамат болсын", - дейді Бадамша ауылының тұрғыны Ақкенже Қыдырова.

Эльвира Мыңжасарованың тұла бойы тұңғыштары Омар мен Осман осыдан он күн бұрын дүниеге келген. Олар үлкен жанұяның он бірінші және он екінші немерелері. Қарғалы ауданында егіздердің дүниеге келуі қалыптасқан үрдіс. Мәселен, 300-ден астам тұрғыны бар Жосалы ауылының өзінде осы кезге дейін 16 егіз дүниеге келген.

Әдетте тұқым қуалайтын бұл құбылыстың Жосалы ауылында ерекшелігі бар. Жеті атадан бері егіз таппаған отбасыларында бүгінгі келіндері құрсақ көтеріп, қос-қостан бөбек дүниеге әкеліп жатыр. Егіздердің алды үйлі-баранды болып, өзге өңірлерге қоныс аударған. Ал жергілікті мектепте қазір үш егіз білім алып жүр.

"Таңғаларлық жер деуге болады. Шағын ауылдық мектеп тарихында 16 жұп егіз болған. Қазірдің өзінде 105 баланың 6-ы егіздің сыңары. Мынау София мен Данил. Биыл бірінші сыныпқа барды. Бұған дейін осы жердегі балабақшада болды. Алина мен Полина Яковенколар 4-ші класта оқиды. Әлі күнге дейін ажырата алмаймын екеуін", - дейді Жосалы орта мектеп-балабақшасының директоры Жанат Дүйсенова.

Оларды ата-аналарынан бөлек сынып жетекшісі мен сурет үйірмесінің ұстазы ғана ажырата алады. Бет-әлпетінде ешқандай айырмашылық болмағанымен мінез-құлықтары екі түрлі. Әдеттегідей бірі ашық болса, екіншісі тұйық, көп сөйлегенді ұнатпайды.

"Мен өскенде полицей болғым келеді. Адамдарға көмектескенді жақсы көремін. Ал Алина әлі де болса кім болатынын білмейді. Бірақ әрдайым бірге боламыз", - дейді Жосалы ауылының тұрғыны Полина Яковенко. 

Егіздер феномені ғылым үшін әрдайым қызықты болғаны ақиқат. Сыңарлардың бір-бірімен рухани байланысының бар екендігі де дәлелденген. Ал олардың дүниеге келу алгоритмі туралы нақты ақпарат жоқ.

"Егіздердің дүниеге келуіне ата-анасының генетикалық бейімділігі әсер ететіні дәлелденген. Екіншіден, экологияға да байланысты болуы керек. Біздің ауданның Ақтөбедегі шағын Швейцария атануы тегін емес. Ауасы таза, табиғаты тамаша болғандықтан егіздер жиі дүниеге келеді деп ойлаймын", - дейді Қарғалы аудандық ауруханасының бас педиатры Тоғжан Қызылбасова.

Мұндай гипотезамен жергілікті тұрғындар да келіседі. Негізінен ауыл шаруашылығын кәсіп ететін Қарғалы ауданының табиғаты таңқалдырары сөзсіз. Ал шағын ғана ауылда 16 егіздің өмірге келуі бұл ойды жоққа шығармайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети