Ақтөбе облысындағы көпбалалы отбасы қыста үсіп қалуы мүмкін

07 Қазан 2014, 20:38
0
Ақтөбе облысындағы көпбалалы отбасы қыста үсіп қалуы мүмкін - Ордабаевтар отбасы. ©Tengrinews.kz
Ордабаевтар отбасы. ©Tengrinews.kz
Ақтөбе облысындағы көпбалалы отбасы қыста үсіп қалуы мүмкін - Ордабаевтар паналаған үй. ©Tengrinews.kz
Ордабаевтар паналаған үй. ©Tengrinews.kz
Ақтөбе облысындағы көпбалалы отбасы қыста үсіп қалуы мүмкін - Ордабаевтар отбасы. ©Tengrinews.kz
Ордабаевтар отбасы. ©Tengrinews.kz
Ақтөбе облысындағы көпбалалы отбасы қыста үсіп қалуы мүмкін - Ордабаевтар отбасы. ©Tengrinews.kz
Ордабаевтар отбасы. ©Tengrinews.kz
Ақтөбе облысындағы көпбалалы отбасы қыста үсіп қалуы мүмкін - Ордабаевтар отбасы. ©Tengrinews.kz
Ордабаевтар отбасы. ©Tengrinews.kz
Ақтөбе облысындағы көпбалалы отбасы қыста үсіп қалуы мүмкін - Ордабаевтар отбасы. ©Tengrinews.kz
Ордабаевтар отбасы. ©Tengrinews.kz

Ақтөбе облысындағы көпбалалы отбасы қысқы суықта жылуы жоқ шағын үйде қатып қалудан қауіптенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онда да бұл шағын үйді Ордабаевтар отбасының 36 жастағы отағасы малшы болып жұмыс істейтін шаруа қожалығының басшысы паналауға беріпті. Көпбалалы отбасында  әкесі, шешесі және 1,5 мен 14 жас аралығындағы сегіз кішкене бала бар, барлығы - 10 адам тұрады. Алғалы ауданына қарасты Қайыңдысай ауылындағы үйлер секілді бұл шағын үйге де газ тартылмаған, ал ағаш пен көмір алуға ақшалары жоқ. Бұл отбасының бар табысы отағасы табатын 30 мың теңге және ай сайын балаларға берілетін 15 мың теңге ғана.  Ол ақша бала-шағаның киімі мен күнделікті тамағынан да артылмайды екен. 

Сегіз баланың анасы Айсәуле Сатыбалдиева "Алтын Алқа" иегері. Ол оны 2012 жылы 30 жасқа толғанда алған. Айсәуле тек облыс емес, бүкіл Қазақстан бойынша ең жас көпбалалы ана ретінде мойындалған. Шиеттей балаларының денсаулығы мен өміріне алаңдаған батыр ана жергілікті биліктен көмек сұрайды, тіпті Президенттен өз жайына көңіл бөлуін өтінбекші. Мемлекеттік бағдарлама бойынша берілетін пәтер кезегіне көпбалалы отбасы жеті мыңыншы болып тіркелген, демек баспаналы болу үшін әлі оншақты жыл күту керек.

Алдында Ақтөбеде көпбалалы отбасы "Мектепке жол" атты республикалық қайырымдылық акциясы аясында пайдасыз көмекке кеңелгенін хабарлағанбыз. Балаларға өлшеміне сай емес киім берілген, ал сөмкелері үлкен, қолайсыз болып шыққан. Мәселен, отбасындағы ұл балаға қыздарға арналған қызғылт түсті портфель берілсе, ал бір қызға ұлдарға арналған көк жолдорба бұйырыпты.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай