10 маусым 2016 15:34

Ақтөбеде 5 маусымнан бері 18 лаңкес өлтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбеде бес күн ішінде 18 лаңкес өлтірілді - 17 лаңкес пен 1 сыйбалас, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Редакция көзі жойылған қылмыскерлер бойынша күш құрылымдарынан келген барлық мәліметті хронологиялық тәртіпте жинады. 


Ақтөбеде бес күн ішінде 18 лаңкес өлтірілді - 17 лаңкес пен 1 сыйбалас, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Редакция көзі жойылған қылмыскерлер бойынша күш құрылымдарынан келген барлық мәліметті хронологиялық тәртіпте жинады. 

5 маусымда Ақтөбеде "Пантера" дүкенінің маңында болған атыстан үш лаңкес өлтірілді. Ұлттық гвардияның 6655 әскери бөлімінде тағы біреуінің көзі жойылды. Кейін күш құрылымдары тағы екеуін өлтірді. Бір күнде алты адам өлтіріліп, жетеуі ұсталды, олардың екеуі жарақат алды.

6 маусымда ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев түнгі жедел-іздестіру шаралары кезінде ұстау және қарсылық көрсету барысында тағы бес лаңкестің жойылғанын хабарлады. Өлтірілген қылмыскерлердің саны 11-ге жетті, тоғызы ұсталды.

7 маусымда ҚР ІІМ өкілдері лаңкестер жайлы жаңарған мәліметті берді. ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев жалпы 13 қылмыскердің өлтірілгенін мәлімдеді.

9 маусымда ІІМ өкілдері арнайы қызметтермен бірігіп, алты қылмыскердің іздеуде жүргенін хабарлады.

10 маусымда Ақтөбеде күш құрылымдары арнайы операция жүргізді. ҚР ҰҚК мәліметінше, көпқабатты үйге басып кіру сәтінде тағы төрт лаңкес өлтірілген. Сонымен қатар қаланың басқа ауданында шабуылдаушылардың бір сыбайласы өлтіріліпті.

Осылайша, қазіргі уақытта бір сыбайласты қосқанда 18 қылмыскердің көзі жойылды, екеуі іздеуде жүр, тоғызы ұсталды.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети