15 желтоқсан 2019 16:50

Ақтөбеде 7 және 10 жастағы қыз балалар үйінен қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облыстық полиция департаменті жасөспірімдер арасында жаппай төбелес, қару ұстап жүру және тағы басқа заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында желтоқсанның 5-25 аралығында "Жасөспірім" профилактикалық шарасын өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Профилактикалық шараған 30 шақты ерікті, 22 жастар ұйымының өкілдері, ата-аналар комитетінің 88 өкілі қатысқан. Үш күнде полиция бөлімшесіне 206 жасөспірім жеткізілген, оның 27-сі - әкімшілік құқық бұзған, ал қалған 179-ы бей уақытта көшеде жүрген. 

"Сондай оқиғалардың бірінде, "Кривое озеро" елді-мекенінде қолайсыз отбасы болып танылған үйдің 7 және 10 жастағы қыз балалар жоғалып кеткен. Кешкі уақытта учаскелік инспектор қаңғырып жүрген қыздарды көріп қалып, үйіне жеткізген. Келесі күні мектеп директоры қыз балаларды өз үйінің ауласынан көрген. Сөйтіп, қыздардың ата-анасын шақыртып, кәмелетке толмаған балалардың ісімен айналысатын инспекторды шақыртып, қыздарды уақытша оңалту мекемесіне жіберу шешімі қабылданған", - делінген облыстық ПД хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети