Ақтөбеде Lada Priora автомобильдерін тексеру басталды

08 Маусым 2016, 15:39
0
Ақтөбеде Lada Priora автомобильдерін тексеру басталды - © drive2.ru
© drive2.ru

Ақтөбеде Lada Priora автомобильдерін тексеру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram желісіндегі aktobe.zello аккаунтында көлікті қарау сәті бейнеленген видео жарияланды. Кадрлардан полиция қызметкерлерінің көлік салонын қарап, жүргізушіні тексеріп жатқанын көруге болады. Сонымен қатар, кейбір мәліметтер бойынша, бұл көліктерді тінту туралы мәліметті Ақтөбе полициясы рация арқылы хабарлап жатыр.

Осыған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов Ақтөбедегі жағдайды баяндаған еді. "13 адамның көзі жойылды, 14-і жарақат алған, дайындық кезеңінде 20 адам болған, олардың барлығы анықталып, олардан жауап алынды. Қазіргі уақытта алты адам іздеуде. Олар екі топпен жүр және біреуі олардан бөлек. Олардың Ақтөбеде жүргені белгілі. Бүгін таңда, Ақтөбе уақыты бойынша 8.06-да ақ түсті Lada автокөлігінен пионер лагерінің күзетіне тегіс ұңғылы қарудан оқ атылды", - деген еді ол.

Алайда ҚР ІІМ өкілдері пионер лагеріне оқ атылғаны жайлы мәліметті растамады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай