ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қараша 2019 | 10:02
Ақтөбеде ауруханалар қабылдамай қойған бес жасар қыз қайтыс болды
Ақтөбеде үш бірдей аурухана қабылдамай қойған бес жасар қыз көз жұмды. Дәрігерлер қызуы көтеріліп әлсіреген Іңкәр есімді бүлдіршінді жедел жәрдеммен бір-біріне сілтеп, сенделтіп қойған. Диагнозын тек шетінеген соң ғана анықтапты. Бұл туралы КТК хабарлады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбеде үш бірдей аурухана қабылдамай қойған бес жасар қыз көз жұмды. Дәрігерлер қызуы көтеріліп әлсіреген Іңкәр есімді бүлдіршінді жедел жәрдеммен бір-біріне сілтеп, сенделтіп қойған. Диагнозын тек шетінеген соң ғана анықтапты. Бұл туралы КТК хабарлады.
"Балалар ауруханасына барғанымызда олар инсульт болуы мүмкін деп тексерді. Қабылдау бөлімінде төрт сағат отырдық. Одан кейін тағы екі ауруханаға бардық. Еш диагноз қоймады. Осылай сандалып жүргенімізде қызымның жағдайы әлсіреп қалды", - деді Іңкәрдің анасы Алмагүл Ахметова.
Қазір баласынан айырылған қаралы отбасы дәрігерлердің үстінен прокуратураға шағымданды. Олар үш аурухананы қатар тексеретін болады. Оған арнайы комиссия да құрған. Шетінеген қыздың туыстары қызуы көтерілген бойда жедел жәрдем шақырғанын айтады. Алдымен облыстық балалар ауруханасына апарып, төрт сағаттан соң менингит болар деген күдікпен жұқпалы аурулар ауруханасына жіберген. Ол кезде қызуы түспей қойған Іңкәрдің бір жақ қолы істемей қалыпты. Ондағылар да "жұқпалы дерті жоқ" деген желеумен қалалық балалар ауруханасына апаруды сұрайды. Ол жақтан тағы кері қайтарады. Ақыры бүлдіршін жансақтау бөліміне түскенде жүріп кетіпті. Денсаулық саласына жауапты шенеуніктер қыздың вирусты дерттің миға шабуынан қайтқанын айтады.
"Ұйымдастырушылық-тактикалық кемшілік болғанын білеміз. Себебі, бала бірнеше қабылдау бөліміне барған. Комиссия анықтағаннанан кейін барлық шараны қолданамыз", - дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.
Дереккөз: КТК
Показать комментарии
Читайте также