Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ақтөбеде балабақша ғимаратының құлауы салдарынан төрт бала зардап шекті 26 мамыр 2014, 16:18

Жоғарғы топта оқитын төрт бала дене жарақтын алып, бастары томпақ болып ісіп кеткен.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Ақтөбедегі "Балапан" балабақшасы.  ©avestnik.kz Ақтөбедегі "Балапан" балабақшасы. ©avestnik.kz

Ақтөбеде балабақша ғимаратының құлауы салдарынан төрт бала зардап шекті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға 25 мамыр күні таңертең "Балапан" балабақшасының музыка бөлмесінде орын алған. Балалар "Соңғы вальс" биін орындап жатқан кезде төбедегі сылақтар қопарылып түскен. Осының салдарынан жоғарғы топта оқитын төрт бала (5-6 жас шамасында) дене жарақтын алып, бастары томпақ болып ісіп кеткен.

Балабақша меңгерушісі Лариса Овчинникованың айтуынша, таңертеңгілік биді көруге ата-аналар да келген, олар дереу балаларды далаға шығарып, жарақат алған-алмағанын тексеріп шыққан. Зардап шеккен балалар облыстық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылған. Балабақша меңгерушісінің хабарлауынша, ғимарат төбесінде ешқандай жарық пайда болмаған, сызат түспеген. Айта кетейік, "Балапан" балабақшасы мемлекеттік бағдарлама бойынша осыдан үш жыл бұрын тұрғызылып, пайдалануға берілген.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram