Ақтөбеде балалар лагерьлерлері жұмысын қайта жалғастырды

13 Маусым 2016, 17:33
0
Ақтөбеде балалар лагерьлерлері жұмысын қайта жалғастырды - © Aktobetimes.kz
© Aktobetimes.kz

Ақтөбеде балалар лагерьлерлері жұмысын қайта жалғастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе ақпарат" ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы білім басқармасының жетекшісі қызметін атқарушы Руслан Бегімбетовтің айтуынша, террорлық қауіптің қызыл деңгейі енгізілгеннен кейін Ақтөбе территориясында орналасқан бес лагерь жұмысын тоқтатқан. Қазіргі уақытта легерьлер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

"Лагерьлер балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жабылды. Үйлеріне қайтарылған балалар сол күндерге қайтадан демала алады", - деді Бегімбетов. Қазір Ақтөбе облысында 12 лагерь бар. Білім басқармасының болжамынша, 2016 жылдың жазында өңірде тұратын балалардың 90,2 пайызы, яғни 107,8 мың бала лагерьге баруы тиіс.

Еске салайық, 5 маусым күні Ақтөбеде теракт болып, салдарынан 20-ға жуық адам қаза тапқан еді. Осыған байланысты өңірдегі балалар лагерьлері уақытша жабылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай