09 қараша 2018 09:35

Ақтөбеде білім грантын даулаған студент медициналық университетті сотқа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде студент Рүстем Оңғарбаев өзі оқып жатқан медициналық университетті сотқа берді, - деп хабарлайды КТК.


Ақтөбеде студент Рүстем Оңғарбаев өзі оқып жатқан медициналық университетті сотқа берді, - деп хабарлайды КТК.

Өйткені білім беру мекемесі оны тегін оқытуға қарсы болып, сабаққа кіргізбей қойған. Ондағылар 19 жастағы жігіттің 122 балмен жеңіп алған мемлекеттік гранты жарамсыз деп отыр. Сол себепті үш айдан бері оқуға қабылдау туралы бұйрық та шығармаған.

Рүстем Оңғарбаев лекцияда отырудың орнына, қазір үйдегі шаруаны атқарып жүр. Осы аптадан бастап сабаққа баруды қойған. Себебі, медициналық университет басшылығы дәріске келуге тыйым салыпты. Өйткені үш айдан бері оны оқуға қабылдау туралы ректордың бұйрығы шықпаған. Сондықтан студенттер санатында жоқ. Қолында тегін оқуға мүмкіндік беретін білім министрлігінің сертификаты бар болғанымен, оны университеттегілер жарамсыз деп отыр.

"Мені лекцияға кіргізген жоқ. Оңғарбаев Рүстем сабаққа кіргізбеуіңізді сұрады деп кураторым жазып жіберді. Менің арманым дәрігер болу еді. Осы медуниверситетте Ақтөбе қаласында оқығым келеді", - дейді ол.

Рүстем былтыр университеттің ақылы бөлімінде оқыған. Биыл тағы кешенді тест тапсыруды жөн көреді. Содан 122 балл жинап, грантқа ие болады. Бірақ оқу орнының басшылары түлекке Қазақстан азаматы бола тұра оралман ретінде жеңілдік жасалғанын айтады. Бірақ қателіктің кімнен кеткенін өздері білмейді. Грантты жарамсыз деп тану жөніндегі білім министрлігінің бұйрығы да жоқ.

"Білім министрінің бұйрығы жоқ өкінішке қарай. Біз хат жаздық. Ол оралман болмаса? Мемлекетті алдауға болмайтын шығар деп ойлаймын", - дейді М. Оспанов атындағы медициналық университеттің проректоры Талғар Әбілов.

Рүстемнің өзге елде туғаны рас. Бірақ оралман ретінде жеңілдік беру туралы ешқайда өтініш жазбаған. Білім министрлігінің неліктен грантты олай бөлгенін білмей дал. Сондықтан екі ортада сандалтып қойған министрлік пен сабаққа келуге тыйым салған университет үстінен арыз жазған Рүстем әділдігін сот айтар деп үміттенеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети