20 маусым 2016 17:48

Ақтөбеде болған теракт пен жер мәселесіне қатысты митингтер Қазақстанның беделіне нұқсан келтірмеді - Ыдырысов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Tengrinews.kz Иллюстрация © Tengrinews.kz

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ақтөбеде болған теракті мен жер мәселесіне қатысты митингтердің Қазақстанның беделіне қалай әсер еткенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ақтөбеде болған теракті мен жер мәселесіне қатысты митингтердің Қазақстанның беделіне қалай әсер еткенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Айтқым келгені, біздің биліктегілердің бұл оқиғаларға қатысты әрекеті әріптестерімізге жақсы әсер қалдырып жатыр. Сіздер білесіздер, жер мәселесіне қатысты митингтердің қоғамдық маңызы зор. Сондықтан Мемлекет басшысы осы мәселенің қоғамдық маңызын ескере отырып, әрекет етті. Әңгімелесу үшін алаң да құрылған болатын. Бұл барлығына да жағымды әсер етті. Құрамы ауқымды комиссия да құрылды. Дегенмен, кейбіреулер бұл әңгімені дұрыс бағытта жалғастыра алмады", - деді сыртқы саяси ведомствоның басшысы.

Сонымен қатар, ол Ақтөбеде болған қайғылы жағдайдың мемлекетіміздің абыройына еш әсерін тигізбегенін айтты.

"Әлемдік ақпарат құралдарының мәліметінше, Қазақстан үшін бұл сирек жағдай. Бұл туралы көптеген халықаралық БАҚ-та айтылады. Сонымен қатар, біздің құқық қорғау органдарының, мемлекетіміздің және қоғамымыздың бұл әрекеттерге қарсы әрекет етуі де оларға тән ерекшелік деп айтуға болады. Әрине, мұның бәрін әріптестеріміз байқап отыр. Меңінше, бұл оқиғалар инвестициялауға да еш әсерін тигізбейді. Керісінше, бұл жағдай жер мәселесі мен Ақтөбеде болған қайғылы оқиғаға еліміз бен қоғамымыздың бірігіп, тойтарыс беруіне жақсы себеп болды. Айта кетейік, біздің бұл әрекеттеріміз шетелдік әріптестерімізге жағымды әсерін қалдырды", - деп түсіндірді Сыртқы істер министрлігінің басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети