29 мамыр 2019 11:47

Ақтөбеде жаңа форматтағы полицейлерді іріктеу мен даярлау мәселесі талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде аймақтық коммуникациялар қызметі "Жол картасының жаңа форматтағы полицейлерді іріктеу және даярлау бойынша үшінші бағыты" тақырыбында брифинг өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде аймақтық коммуникациялар қызметі "Жол картасының жаңа форматтағы полицейлерді іріктеу және даярлау бойынша үшінші бағыты" тақырыбында брифинг өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифингке Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы полиция полковнигі Айдар Сайтбеков қатысып, оқу орнында басталған жаңа форматтағы полицейлердің алғашқы кәсіби даярлық курстары, оның бағыттары мен тәжірибелік бағдары туралы ақпарат берді.

Брифинг барысында осы курстардың бұған дейінгі жүзеге асырылған курстардан айырмашылығы, қысқа мерзімде ІІО мамандарын даярлаудың тиімділігі мен артықшылықтары, талапкерлерге қойылатын талаптар туралы сұрақтар қарастырылып, қызықтыратын сұрақтарға толығырақ жауаптар берілді.

Институт бастығы БАҚ өкілдерінің сұрақтарынан өзге әлеуметтік желілер қолданушыларының да тікелей эфирдегі сұрақтарына жауап берді.

Шара соңында полиция Айдар Сайтбеков аталған форматта оқытудан күтілетін нәтижелерді атап өтіп, жүргізіліп жатқан курстардың түлектеріне қойылатын талаптарға ерекше назар аударды.

Айта кетейік, 2019 жылғы 20 мамырда Институтта алғашқы рет кәсіби даярлық курстары басталды, оның барысында кәсіби заңгерлер үш ай мерзім ішінде полиция қызметіне қажетті білім алады.

Оқу үрдісіне құқық қорғау органдарының, соттардың кәсіби мамандары мен қоғамдық өкілдер тартылған. Оқу қорытындысында курс бітірушілері келесі талаптарға сай болады: 

- Қазақстан Республикасының заңдарын білу;
- төтенше жағдайларға душар болған адамдарға көмекке келуге дайын болу;
- арнайы техникалық құралдарды қолдана білу;
- азаматтармен және БАҚ-пен қарым-қатынастағы коммуникативтік құзіреттілекке ие болу;
- алғашқы медициналық көмек көрсете білу;
- дене бітімі шыныққан және психологиялық тұрақты болу.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети