06 қыркүйек 2014 12:28

Ақтөбеде жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов жалпы отырыста жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды. ©sud.gov.kz Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов жалпы отырыста жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды. ©sud.gov.kz

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов жалпы отырыста жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтына сілтеме жасап.  


Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов жалпы отырыста жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтына сілтеме жасап.  

2014 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің №899 Жарлығымен: Айгүл Абдуллина, Светлана Мұқашева, Манарбек Мыңбаев – Ақтөбе қалалық сотының судьясы лауазымына; Мария Шәріпова – Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының лауазымына; Дәурен Хамиев – Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы лауазымына; Перизат Атыбаева Ақтөбе қаласы №2 сотының судьясы лауазымына тағайындалды.

Ант қабылдау рәсімінен кейін сот төрағасы Ерлан Айтжанов жаңадан тағайындалған судьяларға сәттілік тілеп, сот төрелігін жүзеге асыру кезінде әділ әрі бейтарап болуға шақырды.

Еске сала кетейік, тамыз айында Рашид Түсіпбеков Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. Ол бұған дейін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы болған, алайда Үкіметтегі өзгерістерден кейін Қаржы полициясы қысқартылып, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып құрылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети