13 қаңтар 2017 09:25

Ақтөбеде жатақхана дәлізінде сәбиін тастап кеткен әйел табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ақтөбеде полицейлер 11 айлық қызын қаладағы жатақханалардың біріне қалдырып кеткен 41 жастағы әйелді тапты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"


Ақтөбеде полицейлер 11 айлық қызын қаладағы жатақханалардың біріне қалдырып кеткен 41 жастағы әйелді тапты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

Айта кетейік, тастанды сәбиді жатақхана тұрғындары тапқан. Нина Хоренко дәлізде қатты жылаған екен. Содан қызды жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізген.

Басылымның мәліметінше, сәбидің анасы мас күйінде табылған. Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері басылымдағыларға қазіргі уақытта әйелді ата-ана құқынан айыру мәселесінің қарастырылып жатқанын айтты. Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің жағдайы жақсы. Сондай-ақ, жақын арада сәбидің балалар үйіне жіберілетіні айтылып отыр.

"Сәби қазір үнемі дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы жақсы. Біздің білуімізше, анасы да ауданнан келген. Ал жатақханада сол әйелдің туыстары тұрады екен. Сондықтан қызды жатақхана дәлізіне тастап кеткен болар", - деді Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жанар Алниязова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети