04 маусым 2019 11:05

Ақтөбеде жолдарды сапасыз салған компаниялар сотқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе қаласының Сәңкібай батыр даңғылындағы жолдар дұрыс жөнделмеген. Мердігер компания өз қаржысына қайта қалпына келтіреді, - деп хабарлайды Aktobenews.kz.


Ақтөбе қаласының Сәңкібай батыр даңғылындағы жолдар дұрыс жөнделмеген. Мердігер компания өз қаржысына қайта қалпына келтіреді, - деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Атыраудың "Шам" ЖШС-і және "Еңбек-Ақтөбе" компаниялары жолды сапасыз салғаны үшін сотқа тартылды.

"Көктем кезінде қала ішіндегі суларды жинап, Сазды өзеніне құю жобасы аяқсыз қалды. Бәріне Атыраудың "Шам" ЖШС-і кінәлі. Сотқа берілді, "қара тізімге" ілінді. Жобаны аяқтау үшін қаржының бір бөлігі аударылды, ал құрылыс жұмысын жергілікті компания міндетіне алды", - деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Сонымен қатар Сәңкібай батыр даңғылының Сәтпаев көшесі мен Әлия Молдағұлова даңғылына дейінгі аралығы қайта жөнделеді. "Еңбек-Ақтөбе" компаниясы шұңқырға айналған жолдарды өз қаржысына қалпына келтіріп жатыр. Мәншүк Мәметова, Некрасов, Тургенев көшелері мен 5 шағын аудандағы жолдар да жөнделеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети