12 қазан 2019 11:56

Ақтөбеде жүздеген шаруа қожалықтары банкрот болу алдында тұр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбелік шаруалар мемлекеттен субсидия сұрап наразылыққа шықты. Бұл туралы Аstana TV хабарлады.


Ақтөбелік шаруалар мемлекеттен субсидия сұрап наразылыққа шықты. Бұл туралы Аstana TV хабарлады.

Олар мал шаруашылығын дамытуға бағытталған "Сыбаға" бағдарламасын қаржыландыру тоқтатылғалы күйіміз кетті дейді. Фермерлер Үкімет қолдауына иек артып асыл тұқымды мал өсіруге миллиондаған несиелер алған. Енді оны қалай қайтарарларын білмей дал. 

Бұл шаруалар өмірін ауыл шаруашылығына арнаған. Көпшілігі өз кәсіптерімен тұтас бір ауылды асырап отыр. Бірақ "Сыбаға" бағдарламасымен кәсіпкерлерді қаржыландыру тоқтаса жағдай қиындайды дейді.

"Менің өз басымда 10 миллион кредит бар. Субсидия тоқтатса шаруашылығыма қиын болады. Биыл Ақтөбеде қуаншылық қатты болып тұр. Биыл субсидия бермеуі, қаржы министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі ойламайтын шығар, білмейтін шығар мүмкін, қуаңшылық болып жатқанын", - дейді кәсіпкер Жұмабай Бекмағамбетов.

"Біздің алған кредиттеріміз бар ғой. Міндеттеріміз бар. Сол міндеттерді қайтара алмаймыз деп тұрмыз. Біз банкротқа кетеміз", - дейді тағы бір кәсіпкер Ислам Қартов.

Шаруалардың айтуынша кәсіптерінде шығын шаш етектен. Қуаңшылықтан, жем-шөптің бағасы да шарықтап тұр. Қысқа мал азығын қамдайтын уақытта жыл сайынға берілетін субсидияны Қаржы министрлігі қабылдамай тастаған. Ауыл шаруашылығы министрлігі асыл тұқымды мал өсіруге сұраған 36 миллард теңгеден астам қаражат мақұлданбаған.

"Менің шаруа қожалығымда 12 адам жұмыс істейді. Оның 22 баласы бар. Мына субсидия берілмесе, тағы қиыншылықтар болса ауа райы қолайсыздығына байланысты. Біз банкротқа кетеміз. Жабыламыз. Ал егер біздер жабылсақ біздің округтан менімен бірге 12 семья қалаға кетеді. Уже шықпа жаным деп жүрміз. Соңғы малымызды тапсырдық", - деді кәсіпкер Салауат Түлкібаев. 

Мамандардың айтуынша Ақтөбені жүз пайыз етпен, сүтпен қамтамасыз етіп отырған осы шаруалар. Егер оларға мемлекет тарапынан қолдау тоқтатылса онда өнімнің де құны көтеріледі. Ал ең сорақысы қожалықтар жабылып қалу қаупі бар.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржы министрлігіне заявка берген. Ақтөбе облысы бойынша бүгінгі күні 5,9 милрд осы кісілердің алдында берешагі бар. Төрт миллиардқа заявка қабылданған. Көбісі резервте тұр. Бірақ қаражаттың тапшылығына байланысты бүгінгі күні субсидия төленбей жатыр", - деді Ақтөбе облысы "Атамекен" палатасы ауыл шаруашылық кешені бөлімінің басшысы Сағынғазы Құрманалин. 

Ауыл шаруашылығын оның ішінде асыл тұқымды мал өсіру ісін мемлекет қаржыландыру әлемдік тәжірибеде бар. Тіпті кейбір елдер оның тиімділігін бағалаған.

Айта кетелік, бүгінде облыста 7510 шаруа қожалығы бар. Олардың сексен пайызы мал өсіреді. Ал субсидия төлеу тоқталыса оның жартысынан көбі банкрот болуы мүмкін.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети